«Сайлауға қатысушы партиялардың барлығы өздерінің қаражат мүмкіндігіне байланысты белсенді қызмет атқаруда деуге болады. Мәселен үгіт науқаны басталғаннан бері республикалық баспа басылымдарындағы сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы материалдардың жалпы аумағының 22 пайыз «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы болып отыр. Ал ҚКХП-ның қызметі туралы материалдар - 16, «Ақ жол» ҚДП-ның қызметі туралы - 14, «Бірлік» СП-ның қызметі туралы - 14, ЖСДП-ның қызметі туралы - 18, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы - 16 пайызды құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар ҚР ОСК мүшесі 20 ақпаннан «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде сайлауға қатысушы барлық саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары жарияланғанын атап өтті.
«Үгіт науқаны басталғаннан бері «Нұр Отан» партиясының есебінен 590 үгіт материалы, ҚКХП-ның 146 материалы, «Ақ жол» ҚДП-ның 166 материалы, «Бірлік» СП-ның 85 материалы, ЖСДП-ның 46 материалы, «Ауыл» ХДПП-ның 130 материалы жарияланды», - деді Л.Сүлеймен.
Оның атап өтуінше, жалпы, БАҚ партиялардың қызметін тең жағдайларда және салыстырмалы көлемде жария етуде. Партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізу қамтамасыз етілуде, ал сайлаушылардың олардың бағдарламалары, мақсаттары және іс-шаралары туралы толық, сенімді және жедел ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.