Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мүмкіндігін белсенді түрде пайдалану, осыған байланысты жастардың креативті роликтер мен жазбалар арқылы белсенді қатысуы. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға Ұлттық зерттеу институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов хабарлады.
«Президенттік сайлауға келетіндердің саны парламенттікке қарағанда жоғары болады. Қазақстан тарихындағы бұл жолғы сайлау науқанының ерекшелігі - сайлаушыларды дауыс беруге шақыру бойынша жұмыс БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу жүріп жатыр. Бұл өз нәтижесін беріп, өз дауысын беруге келген сайлаушылардың қатары қалың болады деп ойлаймын».