БАҚ пен саяси партиялардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру қажет - В.Абрамов

АЛМАТЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алғаш рет Қазақстанда қоғамдық институт масс-медианың саяси партиялар жайлы хабар тарату қызметі мен саяси бірлестіктердің ақпарат көзі ретінде жұмыстар атқаруына талдау жүргізді.

Талдауды Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған. Бұл жайында бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстандағы саяси партиялар мен БАҚ-тың қарым-қатынасы тиімді түрде орнатылмағанын көрсеткен. Саяси партиялар масс-медианы қызықты да қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды, деп атап өтті MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Вячеслав Абрамов.