БАҚ пікірі: 2013 жылдың үздік тұлғалары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу қаласында, ресейлік ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігінің бастамасымен жүргізілген, «2013-ші жылдағы дүниежүзілік рейтинг»-тің қорытындысы жарияланды.

Оның нәтижесі бойынша Ресей Президенті Владимир Путин, «өткен жылдағы ең үздік саясаткер» атанды. Ал «Нөмір бірінші ғалым» атағын ағылшындық физик Питер Хиггс иемденсе, «Ең танымал мәдениет қайраткері» болып канадалық жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Элис Мунро танылды. Бұл - халықаралық медиа қауымдастықтың берген бағасы. Аталмыш үш аталым бойынша үздіктерді анықтауға әлемдегі 80-нен аса мемлекеттің 175 ақпараттық агенттігі қатысқан. Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы мұндай сауалнама, әлем бойынша тұңғыш рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы. «ИТАР-ТАСС» ақпараттық агенттігінің бас директоры Сергей Михайлов «Бұл сауалнама не үшін жүргізілді?» - деген сұраққа: «Қазір көптеген ұйымдар, басылымдар «жыл адамы», «ғасыр адамы» сынды рейтингтерді жасайтыны белгілі. Алайда көбінесе, бүкіл әлемге ақпарат таратып отырған агенттіктердің пікірі ескерілмей қалып жатады. Сондықтан, біз медиа қауымдастықтың өткен жылға берген бағасын білуге тырыстық. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деп жауап берді.