БАҚ: «Реал» Криштиану Роналдуды сатуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» өз командасының көшбасшысы Криштиану Роналдуды сатуға дайын.

Клуб президенті Флорентио Перес түскен ұсыныстарды қарастырады. Ол Роналдуды қомақты ұсыныстар түссе сатуға дайын. Роналдуға қызығушылық танытып отырған клубтардың ішінде ағылшындық «Манчестер Юнайтед» те бар.

Айта кетейік, Роналду «Реалмен» 2018 жылдың жазына дейін шартқа тұрған болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.