Шақыру 28 желтоқсан күні Трамптың болашақ әкімшілігіне жеткізілген еді. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кисляк Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майкл Флиннге қоңырау шалған, деп жазады басылым.
Дереккөз хабарлағандай, Трамптың әкімшілігі кездесуге келу туралы шешімді әзірге қабылдаған жоқ.
Еске сала кетейік, Қазақстан астанасында 23 қаңтар күні сириялық реттеу бойынша кездесу өткізу жоспарлануда. Келіссөзге сириялық билік пен оппозиция өкілдері, сондай-ақ Иран, Ресей, Түркия және БҰҰ өкілдері қатысады. Шиеленісті реттеу туралы жол картасы қысқа мерзімде қабылданады деп күтілуде.