Ол сондай-ақ мұнай өндіруші елдер кездесуінің орны әзірге талқыланып жатқанын айтты. Сонымен қатар бұл елдер және Ресей шілде айында тағы да кездесіп, мұнай өндіру деңгейін тежеп, ұстап тұру оның бағасына қалай әсер ететінін бағалау үшін кездесуді жоспарлауда, деп жазады ТАСС.
«Мұнайды нарыққа бұрынғы көлемде шығаруға болмайды. Егер бұл жағдай сақталатын болса, онда біз мұнай бағасының әбден күйреуіне душар боламыз», - деді дель Пино.
Қазіргі кезде мұнайды экспорттайтын жетекші елдермен мұнай өндіруді тежеп ұстау мүмкіндіктері жөнінде келіссөздер өткізілуде.