РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин Жаңа Жыл қарсаңында ауруханаға түсті. Ол атуға жаттығып жатқан кезде тирде абайсызда өз аяғын атты. Оның өміріне еш қауіп төнген жоқ.
Бұл туралы «Интерфакс» өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Алайда, осы ақпарат Ресей БАҚ-тарында жарыққа шыққаннан кейін вице-премьер өкілі Никита Анисимов бұл хабардың шындыққай сәйкеспейтінін айтты. Оның хабарлауынша, Дмитрий Рогозин спорт ойындарында, нақтырақ айтқанда, гандбол ойынап жүріп жарақаттанған. «Ол жұмыста, бүгін жиналыс өткізді. Ақпаратты біз растамаймыз. Ол өткен аптада гандбол ойынында жараланған, қазір оның жағдайы жақсы», - деді Н.Анисимов.