Аталып өтілгендей, жарылғыш затының бірі аурухана маңында, екіншісі базарда, ал үшіншісі тұрғын үй ауданында жарылған. Фото: REUTERS/Omar Sanadiki
18:42, 11 Желтоқсан 2015
БАҚ: Сириядағы лаңкестіктерден 60-қа жуық адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның солтүстігінде, Толл Тамр қаласында болған жарылыста 50-ден астам 60-қа жуық адам қаза тапты, 80-нен астам адам жарақаттанды. Бұл туралы Reuters күрд халықтық өзін-өзі қорғау жасағының өкіліне сілтеме жасап хабарлады.