БАҚ-та Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарактың өлімі туралы екіұшты ақпарат жария болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак 15 сәуірде 88 жасында қаза тапты. Бұл туралы ирандық Fars агенттігі хабарлады. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлады «Лента ру».

Ал Каир госпиталінің ақпарат көзі Х.Мубарактың қаза тапқаны туралы мәліметті жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, бұрынғы президенттің жағдайы қалыпты, деп хабарлады Masrawy порталы.