Сейсмикалық толқындар мұхитта 7,3 магнитудалық жер сілкінісінің салдарынан пайда болады және оның ең мықты екпіні Фукусима профектурасына соғуы мүмкін.
Айта кетейік, Фукусима префектурасында 2011 жылы да жер сілкінісінен соң цунами пайда болып, оның соңы осы аймақтағы атом электр санциясының апатына алып келген болатын.
2011 жылы 9.0 магнитудалық жер сілкінісінен соң Жапонияның солтүстік-шығысын биіктігі 15 метрден асатын алып цунами келіп соқты. Табиғаттың дүлей күші «Фукусима-1» атом электр станциясын басып қалып, соның салдарынан реакторларды салқындатып тұратын жүйе істен шықты. Осы апат Чернобыльдағыдан кейінгі ең үлкен оқиға болып тіркелді.
Мұндай жағдайға жапондықтар дайын емес еді. Соның салдарынан станцияда да адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары кезінде де үлкен қателіктерге жол берілді. Апат болған станцияның маңында тұруға осы күнге дейін тыйым салынған. Апаттың қауіпі 40 жылдан соң сейіледі, деп жазады ria.ru.