БАҚ: Жозе Моуринью «Манчестер Юнайтедпен» үш жылға келісімшарт жасасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық «Челсидің» бұрынғы бас бапкері португалиялық Жозе Моуринью өзге ағылшындық футбол клубы «Манчестер Юнайтедпен» үш жылдық келісімшарт жасасты, деп жазды Р-Спорт.

Моуринью 2014 жылдан клубты басқарған «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкері голландиялық Луи ван Галдың орнын басады.

33 кезеңнен кейін "Манчестер Юнайтед" 56 ұпаймен Англия чемпионатында бесінші орында. Ол чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан шығып қалды.

Моуринью өткен жылдың желтоқсанында лондондық «Челсиден» шығарылды.