«Қазіргі кезде біз, жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшелері бакалавриат, магистратура мен докторантураның ара салмағын өзгертуді талап етіп отырмыз. Себебі инновацияларды кім енгізеді деп ойлайсыз? Экономиканың жаңғыруына кімдер атсалысады? Әлбетте, бакалаврдың оған күші жетпейді. Бұл жерде магистранттар мен докторанттардың рөлі зор. Осының бәрі - әлемдік тәжірибе», - дейді Алшанов.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ақпараттық теxнологиялар саласындағы білім беру бағдарламаларын жеке меншік жоғары оқу орындары белсенді түрде іске асырып келеді.
Айта кетейік, Халықаралық ақпаратттық теxнологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков елімізде ақпараттық теxнологияларды кеңінен қолданып, оны xалыққа жан-жақты көрсететін креативті қоғамды құру қажет деп санайды. Алайда сол креативті қоғамды қалыптастыратын мамандар тапшы.
«Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында 480 мыңға жуық студент оқиды. Бірақ олардың ішінде тек 50 мың жас қана ақпараттық теxнологиялар бойынша білім алады. Жыл сайын осы бағытта 15-ақ мың адам оқуды аяқтайды. Олардың саны бір нәрсені өзгертуге жетеді деп ойлайсыз ба? Бұл жерде бір нәрсені ескерген жөн, оқуды бітірген түлектердің ішінде тек әрбір алтыншы, я болмаса, әрбір жетінші маман ғана экономикаға пайдалы старт-ап жобаны ұсына алады», - дейді ол.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-akparattyk-texnologiyalardy-damytudyn-basty-problemasy-nede_a2996740
Биылғы Жолдауда Президент цифрлық теxнологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді тапсырып отыр. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» атты жеке бағдарламаны әзірлеу міндеті жүктелді. «Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ақпараттық теxнологиялар саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.