ОРАЛ. KAZINFORM — Конкурстық комиссия шешіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен Бақберген Талғатұлы Әбуов БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бақберген Талғатұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.
Әр жылдары БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің бас маманы, осы басқармада ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты бақылау бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет етті.
Тағайындауға дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).