Бакиев 8 жыл бұрынғы жаппай кісі өліміне қатыстылығы үшін айыпталуда

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қырғыз прокуратурасы Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті 2002 жылғы Ақсу ауылында болған бейбіт шеру кезіндегі жаудырылған оқтан көз жұмған адамдардың өліміне кінәлі ретінде айыптауда. Бұл туралы республиканың Бас прокуратурасының ресми сайты хабарлайды.

Алты адамның өмірін қиған Аксудағы оқиға кезінде Бакиев республиканың премьер-министрі лауазымында болатын. Сол кезде наразылық білдірушілер Қытайға аумақтық жеңілдіктерге барған ел президенті Асқар Ақаевқа импичмент жариялауды сұраған депутатты қуғындауды тоқтату туралы талаптар қойған болатын. Депутаттың соты болатын ауылға бет алған шерушілерді сол кезде ОМОН отряды отты қарудан оқ жаудырып, қуып таратты. Құрманбек Бакиев сол кезде болған оқиға туралы жауапкершілікті мойнына алуға батылы бармай, тек министрлер кабинетінің басшысы лауазымынан кеткен болатын.