Бакиевті қайтаруды талап етті

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның бас ассамблеясының 67-сессиясында Қырғызстан Парламенті спикері Асылбек Жәнібеков Белорусь жерінен саяси баспана тапқан қырғыздардың бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның жақын туыстарын еліне қайтаруды талап етті.

Бұл туралы BAQ.KZ порталы жазады.

"Қырғызстан мен Белорусь елі одақтас республикалар. Белорусь билігі Минск және Кишинев қаласындағы конвенцияға талаптарына сәйкес қырғыздардың бұрынғы басшысын елімізге қайтаруға мүдделі. Қазір Бакиев жақындарымен Белорусь жерінде жасырынып жүр. Тіпті, төлқұжатын да ауыстырып алған көрінеді", - дейді Асылбек Жәнібеков.
Сондай-ақ, А.Жәнібековтің айтуынша, бүгінде Бакиевтің үстінен іс қозғалып, іздестіріліп жатыр.
"Ол халыққа оқ жаудырып, елдегі тыныштықты бұзды. Елдің қазынасын тонап, халықтың бар ақшасын далаға алып қашты", - дейді Парламент спикері.