Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Кенешбек Дүйшебаев Қырғызстанның бірінші ұлттық арнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып.
ҰҚМК басшысы хабарлағандай, Бакиевті Гемпширдегі "Фарнборо" әуежайынан өзінің жалға алған жеке ұшағымен келіп қонғаннан кейін, Ұлыбританияның шекара агенттігі қызметкерлері қолға түсірген. «Сіздер оның бірнеше бап бойынша айыпталып, халықаралық іздеуге салынғанын білесіздер», - деді Дүйшебаев. Оның айтуынша, Максим Бакиевті міндетті түрде экстрадициялау туралы мәселе қозғалады.