Бақыт Әбілдинов Президент Іс басқарушысының орынбасары болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бақыт Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне кірісті.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Айта кетейік, Бақыт Үрістемұлы 1975 жылы 8 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы - Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы - «Тұран» университетін, 2006 жылы Еуразиялық нарық институтін бітірген.
Еңбек жолы:
2000 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитеті инспекторының м.а.;
2000 – 2005 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторының м.а., салық инспекторы, жетекші салық инспекторы;
2005 – 2007 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы;
2007 – 2008 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, бөлім басшысы;
2008 – 2014 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші маман – жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторы, Алатау ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Ауэзов ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы, басқарма басшысы.
2014 - 2015 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлім басшысының м.а., бөлім басшысы.
2015 – 2021 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.
2021 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.