Бақыт Төлтай теңге ілуден алтын жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Отандасымыз Бақыт Төлтай V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден І орын иеленді.

Фото: ДКО

Этноауылда өткен бәсекеде қазақстандық спортшы Бақыт Төлтай жеті құт стилінен өнер көрсетті. 

Айта кетейік, теңге ілуден жарыс кеше басталды.

13 елден келген 31 спортшы жүлдеге таласып жатыр.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша теңге ілуден Қазақстан қоржынына қос алтын түсті. 

Ал қос құлаш бойынша қазақстандық Рахат Қамбаров дара шықты.

Моңғол спортшысы Мэлс Наурызбек күміспен күптелсе, қырғыз Асқат Талайбеков қолаға қол жеткізді. 

«Бес белес» кезеңінде Бекнұр Серіков алтын иеленді. Екінші орынға моңғол спортшысы Айболат Ұнатқан жайғасса, үздік үштікті қырғыз Әділбек Кенжебекұлы иеленді. 

Бүгін (13 қыркүйек) Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетеді.

Соңғы жарыс күні бəйге, теңге ілу, құсбегілік, ордо және мангаладан сайыстар өтіп жатыр.