Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Фото: Коллаж: Kazinform/ Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген құжатта.