АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Бақытжан Абдурахманов дзюдодан елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде ирландиялық Джошуа Гринмен кездесті. Бақытжан Абдурахманов қарсыласын вазари әдісімен жеңіп, 500 рейтингілік ұпайға ие болды.
Тағы бір қазақстандық Екатерина Токарева (-70 кг) қола жүлде үшін бәсекеде қарсыласына есе жіберді.
Кеше жарыстың бірінші күні Ғалия Тынбаева жеңімпаз атанса, Елдос Сметов қола медальді еншілеген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).