Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Бақытжан Жайлаубаев 1984 жылы туған.
Ол мемлекеттік қызметте, ішкі саясат пен цифрландыру саласында мол тәжірибе жинақтаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Сәтбаев қаласында бастап, он жыл бойы қалалық мәдени-сауық орталығын басқарды. Кейін Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде басшының орынбасары, одан соң ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бастап орталық мемлекеттік органдарда еңбек етті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің талдау және жоспарлау басқармасын басқарды. Кейін ҚР Энергетика министрлігінде цифрландыру және ақпараттандыру бағытындағы бірнеше лауазымда қызмет атқарды. Сондай-ақ министрліктің заң қызметі департаментінде бас сарапшы болды.
2022 жылы Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың мамырына дейін Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасын басқарған.
Осыған дейін өткен апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болғанын хабарлаған болатынбыз.