Бақшадағы учаскесін сүруге келіспеген астаналықтың үйі мен пәтері бар - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордалық әкімдік өтемақы сомасымен келіспей, акциямен шыққан, өзіне қазақстандық БАҚ-тың назарын аудартқан Несіпкүл Ұябаеваны үйден шығару жайлы пікірін білдірді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астаналық тұрғын үй басқармасы нақтылағандай, 62 жастағы Раушан Ұябаеваға тиесілі «Майский» бақша серіктестігіндегі учаске  мемлекеттік қажеттілікке орай  240 орындық балабақша салу  үшін мәжбүрлі түрде алуға жатады. Әкімдік қаулысы 2014 жылғы қазанда күшіне енді.

2015 жылы Раушан Ұябаеваға 4,700 млн теңге өтемақы көлемі белгіленді.

«Бұл сома 25 мың АҚШ долларына тең және алынған мүлік үшін әділ өтемақы саналады», - деп санайды қала әкімшілігінде.

Бұдан басқа, тұрғын үй басқармасының деректеріне сәйкес Раушан Ұябаева оған тиесілі жеке тұрғын үйде тұрып жатыр.

Ал Несіпкүл Ұябаеваның меншік құқығында басқа да жылжымайтын мүліктер: жер учаскесі, пәтер тіркелген. Астанада «Майскийде» бақша учаскесі және Жамбыл облысы Шу қаласында жылжымайтын мүлік нысаны бар.

 «Осыған қарамастан, Несіпкүл Ұябаева нысанды алуға ешбір құқығының жоқтығына қарамастан, бақша учаскесінде тұрып жатыр. Елорда әкімдігінен тұрғын үй алуға тырысуда.

Бақша учаскелерінде салынған құрылыс жеке жылжымайтын мүлік нысаны болып табылмайды. Уақытша құрылыс мәртебесі бар және маусымдық бақша егу үшін   пайдаланылуы тиіс», - деді әкімдіктен.

Бұдан бұрын Несіпкүл Ұябаева қазақстандық БАҚ-қа оның үйі екі бөлме екенін,  жеті адам тұратынын айтқан. Ол кемі 50 шаршы метр алаңмен өзі қалаған ауданнан пәтер берсе ғана сүруге үйді   беретінін айтқан.