Бақшасарайдағы Хан мешіті қайта қалпына келтірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырым мүфтиі Эмирали Аблаевтың айтуынша, Бақшасарайдағы Хан мешітіне жақын арада қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

«Хан сарайындағы мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрініп-ақ тұр. Шешім шығарылған құжат қолымызға тиді. Жақын арада мамандар іске кірісетін болады», - дейді ол.

Айта кетейік, Бақшасарайдағы Хан сарайы - Қырым хандарының ордасы болған мекен. Мешіт Хан сарайының аумағында орналасқан, деп жазады muslim.kz.