Бақсылар орман өртіне жаңбыр шақыру үшін Байқалда бас қоспақ

Фото: None
ЧИТА. ТАСС- ҚазАқпарат – 4 тамыз күні Бурятияның, Забайкалье мен Иркутск облысынан 40-қа жуық бақсы Байқалдың Ольхон аралында арнайы рәсім өткізу үшін жиналады. Олардың пікірінше, бұл рәсім Сібірде өртеніп жаткан тайгаға жауын жауғызуға көмектеседі. Бұл жөнінде сәрсенбі күні ТАСС агенттігіне «Тэнгэри» бақсылардың аймақаралық ұйымының Басқарма төрағасы Баир Цырендоржиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Авиалесоохрана» федералдық мемлекеттікмекемесінің мәліметінше, Ресейде жалпы аумағы 100 мың га жерде 147 орман өртісөндіріліп жатыр. Өртенген орманның басым бөлігі шалғай мекендерде орналасқан. Олардысөндірумен ешкім айналысып жатқан жоқ. Өртке оранған ормандардың басымкөпшілігі Сібірде – Иркутск облысы мен Красноярск өлкесінде тіркелген.

«4 тамыз күні Ольхонда Бурятиядан, Забайкальемен Иркутск облысынан 40-қа жуық бақсы жиналады. Олар орман өрттеріне жаңбыршақыру үшін арнайы рәсім өткізеді. Қазіргі таңда біз орман өртеніп жатқанаумақтарды анықтаудамыз», - деді Баир Цырендоржиев.

Сейсенбі күні будда дін қызметкерлері-ламалардәл солай өртеніп жатқан тайгаға жауын шақыру үшін рәсім жасауға дайын екенінмәлім етті, алайда олар «өртенген ормандардың нақты орналасқан аумағы» қажетекенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар