АСТАНА. KAZINFORM – Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында бірқатар өзгеріс болды.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бақтиер Зайнутдинов медициналық қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатыса алмайды.
Құрамаға Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп пен Георгий Жуков қосылды.
Абат Айымбетов, Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек жақын арада келеді.
Сонымен қатар Дінмұхамед Қараман өз клубына оралды. Ал Дулат Талыспаев пен Давид Есімбеков Алматыда жиын өткізіп жатқан Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен, 25-інде Лихтенштейнмен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бақтиер Зайнутдиновтың ұлттық құрама сапына қосылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).