Бақтияр Артаев, Илья Ильин және Денис Тен қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Даңқты қазақстандық олимпиадашылар - боксшы Бақтияр Артаев, ауыратлет Илья Ильин және мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен - қазақстандықтарды әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

«Менің замандастарым бейбітшілік, бірлік және келісім елінде өсіп, өмір сүруде. Бүгінде мұндай саясат әлемнің барлық елінде бірдей болып отырған жоқ. Әлемде тынышсыз жағдай болып тұрған кезде осындай біздің тату-тәтті және гүлденген ел үшін Нұрсұлтан Әбішұлына рахмет! Барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын», - деп жазды өзінің Instagram-дағы парақшасында Елбасымен бірге түскен суретіне түсіндірме жасаған 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері, 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемионаты күміс медалінің иегері Денис Тен.

2004 жылғы Афиныдағы Олимпиада чемионы боксшы Бақтияр Артаев та Facebook-тағы өзінің парақшасына Тұңғыш Президент күніне орай өзінің Мемлекет басшысымен бірге түскен суретін орналастырған.

Instagram-дағы өз фан-клубының парақшасында ауыр атлетикадан екі мәрте Олимпиада чемпионы, төрт мәрте әлем чемпионы Илья Ильин Елбасының атына және барлық қазақстандықтарға құттықтауларға қосылды.