Бақтыбай Шелпеков: Жолдауда ел экономикасының қолайсыз жағдайдан қалай шығу бағыттары мұқият белгілген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жолдауда еліміздің экономикасының, бүгінгі қолайсыз жағдайдан қалай шығу бағыттары мұқият белгіленіп, Үкіметке біраз тапсырмалар берілді, дейді Парламент Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков.

«Өңірге барған сапарымда білім мекемелеріндегі кездесулерде осы саладағы оң өзгерістер туралы, оның ішінде жаңа оқу процестері туралы, қашықтан оқытуға байланысты интернетке қолжетімділік пен дайындық, сапалы білім беру мәселелері туралы сұрақтар көтерілген болатын. Президент өзінің Жолдауында, осындай өзекті мәселелерге тоқталды. Санитарлық талаптарды және өткен тоқсандағы қашықтан оқытудағы жіберілген қателіктерді ескере отырып, Үкіметке толыққанды функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керектігін және сапалы білім берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшу тәртібін де әзірлеуді тапсырды», - деді сенатор.

Сонымен қатар ол, білім саласындағы басты мәселелердің бірі – ол ұстаздар жалақысының аздығы болғанын, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға өсетіні қуанышты хабар екенін атап өтті.

«Жолдауда еліміздің экономикасының, бүгінгі қолайсыз жағдайдан қалай шығу бағыттары мұқият белгіленіп, Үкіметке біраз тапсырмалар берілді. Менің ойымша, бұл тапсырмалар Үкімет пен Парламенттің бірлесе отырып шешетін мәселелері, осы орайда, алдағы уақытта қандай бағытта жұмыстар жүргізілетіні толықтай белгіленді. Бүгінгі Жолдаудан кейін Қазақстан халқы бір серпіліп, осы белгіленген стратегиялық межелерді орындау үшін, жұмыла жұмыс істейміз деген пікірдемін» деп түйді сөзін ол.