«Баку-2015» Еуропа ойындарының операциялық комитетінен хабарлағандай, бұл спорттық жарыстардың 150 мың билеті сатылған.
Сондай-ақ ашылу салтанатына арналған билеттің 60 пайызы сатылыпты. Жалпы бірінші Еуропа ойындарына 600 мың билет саудаға қойылды. Билеттерді сату жалғасып жатыр. Ойынға қызығушылық танытқандардың қатары қалың, деп хабарлады АзерТАдж.