Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Әзірбайжан Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Әли Ғасанов мәлім етті.
«Әзірбайжандық билік көздері елдегі қоғамдық-саяси қауіпсіздікпен байланысты барлық шараларды қолдануда. Біз осыны тек «Еуровидение» байқауы үшін ғана емес, біздің азаматтарымызды жыл бойы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін де жасадық. Алайда «Еуровидение» кезінде арнайы, күшейтілген қауіпсіздік шаралары қарастырылды», - деді Ә.Ғасанов.
Әзірбайжан бұл байқауға барлық салалар бойынша дайындалып, барлық қажетті шараларды іске асырды. Барлық тиістіқұрылымдар толық әзірленіп, байқаудың басталуына дайын болды», - деп қосты Президент Әкімшілігінің бөлімнің меңгерушісі.