«Біз Францияның Ішкі істер министрі Жерар Дарманеннің Әзербайжанға қарсы кезекті мәлімдемесін және Әзербайжан мен жаңа Каледонияның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері арасындағы 2024 жылдың 16 мамырында «Франция-2» телеарнасына берген сұхбатында жасалған болжамды байланыстарды толығымен жоққа шығарамыз», - делінген Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаденің мәлімдемесінде.
Министрлік сонымен қатар Францияны Әзербайжанға қатысты басқа да негізсіз кінә тағуды тоқтатуға шақырды.
Кейінірек Айхан Гаджизаде журналистердің сауалына жауап бере отырып, Әзербайжанды диктатор ел ретінде ретінде таныған Француз министрінің сөздеріне түсініктеме берді.
«Францияның Әзербайжанға қарсы жасаған мұндай мәлімдемелері ақылға қонбайды және біз оған үзілді-кесілді қарсылық танытып жатырмыз», - деді А. Гаджизаде.
Оның айтуынша, Әзербайжанда негізгі құқықтар мен бостандықтар толық қамтамасыз етілген. Елде әртүрлі ұлт пен дін ұстаған адамдар жайлы және қауіпсіз жағдайда бірге өмір сүреді.
«Француз тарапы бұл мәлімдеме үшін кешірім сұрауы керек. Әйтпесе, бұл «Әзербайжан-Француз» қатынасына одан әрі кері әсер етеді», - делінген баспасөз хатшысының мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, Франция Жаңа Каледониядағы тәртіпсіздіктерге байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.
Франция 15 мамыр сәрсенбі күні таңғы 5-тен бастап жаңа Каледонияда төтенше жағдай жариялады, бұл билікке жиналыстарға тыйым салу және адамдардың аралда жүруіне тыйым салу үшін қосымша өкілеттіктер берді.
10 жыл бойы жаңа Каледонияда тұратын каледондық емес Франция азаматтарына жергілікті сайлауда дауыс беруге мүмкіндік беретін француз Парламенті қабылдаған заң жобасы тәртіпсіздіктердің басты себебі болды.
Жаңа Каледония — Тынық мұхитының оңтүстік-батысында, Аустралиядан шығысқа қарай шамамен 1500 км жерде орналасқан аралдар тобы. Аралдар 1853 жылдан бері француздардың бақылауында. 1946 жылы Жаңа Каледония шетелдегі аумақ мәртебесін алды.