Баку мемлекеттік университетінде ұлы Абайдың дәрісханасы ашылады - Б.Әбдірайым

None
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта Әзірбайжанның Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ойшылы Абай атындағы дәрісхананы ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әзірбайжанның бұрынғы президенті,

осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы атанған Гейдар Әлиев атындағы дәрісхананың ашылу рәсімінде университет ректоры Бақытжан Әбдірайым мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б.Әбдірайым атап көрсеткендей, Әзірбайжанның Нахчван қаласында Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Әзірбайжанның президентері қол қойған Нахчван декларациясына сәйкес төрт елдің арасындағы мәдени-тарихи байланыстарды дамыту көзделген. «Бүгін Еуразия ұлттық университетінде ашылып отырған Гейдар Әлиевтің дәрісханасы осы игі бастаманың жалғасы болса керек. Енді, Әзірбайжанның Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ойшылы Абай атамызға арнап дәрісхана ашу жоспарда бар. Оны біз Абайдың туған күніне орай, күзде ашуды көздеп отырмыз», - дейді Б.Әбдірайым.