Баку сайлау учаскесінде 70% сайлаушы дауыс берді

БАКУ. ҚазАқпарат - Бакудегі ҚР елшілігінде орналасқан № 212 сайлау учаскесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беруге келгендердің саны жергілікті уақытпен сағат 16:30 жағдай бойынша жалпы сайлаушылардың 70% құрады.

Бұл туралы №212 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрбек Алмашов хабарлады.

Елшіліктің консулдық есебіндегі Әзербайжанда тұратын немесе уақытша тұратын 157 қазақстандық азаматпен бірге еліміздің туристерінің белсенділігін де атап кеткен жөн.

Дауыс беру Баку уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.