Баку тұрғындарының саны қаншаға жетті

БАКУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Баку тұрғындарының саны 7,1 мың адамға өсіп, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2 млн 269,7 мың адамға жетті. Бұл туралы Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет мәлім етті, деп хабарлайды Trend агенттігі.

Тұрғындар саны әрбір шаршы шақырымға 1060 адамды құрап отыр.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) тіркеу органдары Баку қаласында 14570 жаңа туған сәбиді тіркеген.