Бакуде 15 адам этил спиртінен уланып көз жұмды

Фото: Фото: pixabay.com

Қайтыс болғандар спирттің жоғары мөлшері бар гигиеналық құралдарды қолданған болуы мүмкін, деп хабарлайды Әзербайжанның Бас прокуратурасының мәліметіне сүйенген Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

- 22-23 ақпанда Баку қаласының Сабунчи ауданындағы әртүрлі мекенжайларда 15 адамның қайтыс болғаны тіркелді. Бұл факті бойынша Әзербайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 314.3-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Прокуратура қызметкерлері, криминалист-сарапшылар және сот-медициналық сарапшылар қылмыс орындары мен марқұмдардың денелерін тексеріп, заттай дәлелдерді тәркіледі, – делінген хабарламада.

Алдын ала қорытындылар бойынша, құрбандар құрамында 75% және 95% спирті бар әртүрлі гигиеналық құралдарды қолданған.

- Оқиға орнынан бос флакондар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Бас прокуратура.

Қаңтар айында Әзербайжанда тұрғын үйде қол гранатасының жарылуы салдарынан бес адамның қаза тапқан еді.

Әзербайжан қауіпсіздік күштері лаңкестік әрекеттің алдын алған еді.