Бакуде автотұрақтағы 40-қа жуық көлік өртке оранды

БАКУ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бакуде Мемлекеттік жол полициясы басқармасының айыппұл тұрағында өрт болып, соның салдарынан 1000 шаршы метр учаскеде құрғақ шөп жанып, 40-қа жуық машина өртке оранған.

Бұл туралы журналистерге ТЖМ өрт қауіпсіздігі мемлекеттік қызметінің штаб бастығы Ақбер Новрузов мәлімдеді.

Кейбір көліктер апатты жағдайда болған, ал кейбірі жүріп тұрған.

Өртті тоқтату үшін оқиға орнына 10-ға жуық өрт сөндіру машиналары шақыртылды. Өрт сөндірілді.

«Алдын ала түскен мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қатты желдің әсерінен электр желілері сымдарының көлік тұрағындағы машиналардың үстіне құлауы себеп болуы мүмкін», - деді Әзірбайжан Мемлекеттік жол полициясы Бас басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Кямран Әлиев.