Бакуде Әзірбайжанның көрнекті саяси қайраткерлері Қазақстан Президентінің атынан мерейтойлық медальдармен марапатталды

БАКУ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес және мемлекетіміз Басшысының атынан кеше Бакуде Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі Серік Пірімбетов

Қазақстанның мемлекетілігін қалыптастыруға және дамытуға және егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар әзірбайжандық саяси қайраткерлерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық мелдальдарын тапсырды.

Атап айтқанда, медальдар ӘР сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровқа ӘР өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Әлиевке, төтенше жағдайлар министрі Кямалетдин Гейдаровқа және елдің Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаевқа тапсырылды.

Өз сөзінде Қазақстан елшісі әзірбайжандық саяси қайраткерлердің екіжақты қатынастарды дамыту және нығайту, екі елдің халықтары арасындағы байланыстарды кеңейту үдерістеріне қосқан үлестерін жоғары бағалады және әзірбайжандық тарапқа еліміздің әртүрлі салалардағы жетістіктері туралы айтып берді.

Сонымен қатар мемлекеттік қайраткерлердің кездесуі барысында тараптар Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар, мұнай-газ, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сыртқы істер министрі Э.Мамедьяров және басқа да сөйлеушілер Қазақстан басшылығын және оның халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, республикамызда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

Қазақстан елшісі марапатталғандарға мықты денсаулық және өздерінің қызметтерінде бұдан былай да жоғары табыстарға жетулеріне тілектестігін білдірді. Кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжанның стратегиялық өзара іс-қимылының елеулі әлеуеті атап көрсетілді және оның одан әрі нығая түсетініне сенімдерін білдірді.