Бакуде «Baku Build» құрылыс көрмесі ашылды

БАКУ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Бакуде Каспий және Кавказ аймағындағы «Baku Build» ірі халықаралық құрылыс көрмесі ашылды, ол қазанның 23-іне дейін жұмыс істейді.

Үстіміздегі жылы көрмеге 25 елдің 260 компаниясы қатысып отыр, олардың арасында Германия, Италия, Финляндия, Иран, Литва, Украина және басқа да елдер өз тауарларын ұсынуда. Нақтырақ айтар болсақ, «Baku Build»-те құрылыс жабдықтарының көптеген түрі, өңдеу материалдары мен жол-құрылыс техникасы ұсынылған.

Сондай-ақ, көрме барысында инновациялық технологиялар мен қала құрылысын жоспарлауға қатысты «дөңгелек үстел» өткізіліп, құрылыс мәселелері бойынша түрлі семинарлар мен тұсаукесерлер ұйымдастырылады.