Бакуде бірінші Еуропалық ойындар ашылды (ФОТО)

БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде бірінші Еуропалық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, бірінші ханым, Еуропалық ойындар ұйымдастыру комитетінің төрайымы Мехрибан Әлиева, әртүрлі мемлекеттердің ресми өкілдері, олардың арасында - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Ресей Президенті - Владимир Путин, Сербия Президенті Томислав Николич, Черногория Президенті Филип Вуянович, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Түркіменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Люксембургтің ұлы герцогы Анри, Монако князі Альбер ІІ, Сан-Марино басшылары - капитан-регенттер Андреа Беллуци мен Роберто Вентурини бар.

Салтанатты рәсімді 68 мың көрермен тілекелй тамашалады. Салтанатты ұйымдастыру үшін 28 елден 300-ден астам шығармашыл ұйымдар және 34 мемлекеттен 1000 адам тартылды.

Орасан зор мерекелі кешті бүкіл әлемге танымал мақам орындаушысы, ЮНЕСКО халықаралық музыкалық сыйлығының иегері, Халықаралық сирек дауыстар қауымдастығының мүшесі Әлим Гасымов ашты. Бұдан кейін еңбек сіңірген әртіс Натиг Шырыновтың ритм-тобының әуенімен символдық сағат есебі басталды, онда 24 саны бейнеленген, бұл Әзербайжан тәуелсіздігін қалпына келтіру жылдарын білдіреді.

Мыңнан астам бишілер Дмитрий Шостаковичтің «Мерекелік увертюрасының» әуенімен ежелгі әзербайжан кілемдерінің ұлтық өрнектерін және Оттар Елінің символын бейнеледі. Мұның бәрі орасан отшашумен, көлемі 700 метрлік үлкен LED-мониторлардағы түрлі-түсті шоумен көркемделіп отырды.

Әзербайжан гимнін мемлекеттік симфониялық оркестр орындағаннан кейін Олимпиада стадионында Мемлекеттік ту көтерілді.

Одан әрі 50 елден келген спортшылар делегациялары шеруі басталды, оларға көрермендер қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Бүкіл әлемге белгілі әнші Леди Гага Джон Леннонның «Imagine» деп аталатын аңызға айналған композициясын тамаша орындады.

Кеш бойы бірінші Еуропалық ойындардың бойтұмары Жейран мен Нар көрермендермен бірге болып, қонақтарға Әзербайжанның бай мұраларын таныстырды.

Еуропалық ойындар 28 маусымға дейін созылады. Еуропаның барлық түпкірінен алты мыңнан астам спортшы 17 күн бойы жарыстарда өз елдерінің намысын қорғайды.