деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Назар Ільясов жаттықтыратын ұлттық құрамаға 21 былғары қолғап шебері еніп отыр. Бапкерлер штабы бұл дүбірлі додада мына спортшыларға сенім артып отыр: 48 киләда Әнуар Мұзапаров пен Жомарт Ержан, 51 киләда Нұрлан Әбжанов пен Шерхан Досханов, 54 киләда Нұрбол Қалжанов пен Руслан Мәдиев, 57 киләда Дархан Жұмсақбаев пен Еркін Дүйсенбаев, 60 киләда Сабыржан Бақбергенов пен Аслан Есенов, 64 киләда Мейірім Нұрсұлтанов пен Ғалымжан Құрманбай, 69 киләда Жәнібек Әлімханұлы мен Берікбол Болат, 75 киләда Әділет Рақышев пен Тимур Ганза, 81 киләда Арбек Абдуганиев пен Александр Гулевский, 91 киләда Асқар Көпеншеев пен Артем Василенко, ал 91 киләдан жоғары салмақта Дәулет Мұсабаев. Олардың ішінде Н. Қалжанов, Е. Дүсенбаев, М. Нұрсұлтанов пен А. Көпеншеев биыл наурыз айында Иранның Тегеран қаласында өткен Азия чемпионатында үздік шығып, команда қоржынына алтын медаль салған болатын. Ал қарашаның 14-24 күндері Оралдағы Қазақстан чемпионатында Н. Әбжанов (51 кг), Р. Мәдиев (54 кг), Д. Жұмсақбаев (57 кг), А. Есенов (60 кг), М. Нұрсұлтанов (64 кг), Ж. Әлімханұлы (69 кг), А. Абдуганиев (81 кг), А. Көпеншеев ( 91 кг), Д. Мұсабаев ( 91кг) ел чемпионы болды. Онда өз салмақтарында Ә. Мұзапаров, Н. Қалжанов, Е. Дуйсенбаев, С. Бекбергенов, Ә. Рақышев, А. Гулевский күміс және Ж. Ержан, Ш. Досханов, Ғ.Құрманбай мен Б. Болат қола жүлдегер атанды.