Оқиға беларусь Владислав Андреев грузин Владимир Хинчегашвили арасында болған. 57 келі салмақ дәрежесі бойынша еркін күресте жартылай финалда 2:1 есебімен Андреев жеңіске жеткенде қарсыласы оны жағынан тартып жіберді.
Беларусь спортшысы да оған қарсы ұмтылып, екеуінің арасында жанжал басталған. Судья екеуін бірден айырып алды. Жарыс тоқтатылды, екі спортшыға да техникалық жеңіліс тіркелді. Судья шешімі бойынша олар жеңген Марсель Эвальд /Германия/ пен Ислам Исламай (Албания) жартылай финалға шықты.