Бакуде дәстүрлі автошеру мен классикалық автомобильдер көрмесі өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Баку қаласында Әзербайжан автомобиль федерациясы (ӘАФ), Baku City Ring Operating Company және Dreamland Golf Club-тың ұйымдастыруымен дәстүрлі автошеру мен классикалық автомобильдер көрмесі өтті. 

Фото: trend.az

Шеру тіркелген классикалық автокөліктерді, сондай-ақ Гейдар Әлиев атындағы орталықтың тұрақты көрмесіндегі кейбір көліктерді көрсетуден басталды. Сондай-ақ оған 1984 жылға дейін шығарылған көліктер қатысты. Олардың ішіндегі ең ескісі 1929 жылғы Mercedes Benz Gazelle болды. 

Фото: trend.az

Көліктер шеруі Приморск ұлттық саябағынан басталып, қаланың орталық көшелері мен даңғылдарымен өтті. Бағдар соңында Dreamland гольф клубында соңғы классикалық автокөліктер көрмесі болды.

Көрмеге қатысушылар «Ең ескі көлік», «Ең бірегей көлік» және «Ең әсерлі киім» сынды номинациялар бойынша сайысқа түсті. Іс-шара танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттік және ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты.

Фото: trend.az
Фото: trend.az

Қатысушылардың айтуынша, әр жылдардағы бірегей ретро көліктер көрермендердің ностальгиялық сезімін оятты. Ниет білдіргердердің барлығы аталған көліктердің алдында суретке түсіп, олардың тарихымен және ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Фото: trend.az