Конкурстың ашылу салтанаты 19 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, оған қатысатын 42 елдің өкілі қызыл кілеммен жүріп өтті.
Айта кетейік, 56 жылдық тарихы бар «Евровидение» байқауы Әзербайжанда алғаш рет өткізіліп отыр. 1 аптаға созылатын конкурстың жартылай финалы 22 және 24 мамыр күндері, ал ақтық мәресі 26 мамырда өтеді. Ал қалған күндері дайындық жұмыстары жүргізіледі. Концерттер 23 мың адам сиятын "Baku Crystal Hall"залында болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл мәдени шараны елімізде тек «Ел арна» телеарнасы ғана тікелей эфир арқылы көрермен назарына ұсынатын болады. Ал байқауға танымал музыка сарапшысы Нұрберген Махамбетов пен радио хабарларын жүргізуші Қалдыбек Жайсаңбай өз пікірлерін білдіріп отырады.
Ағымдағы жылы «Өз отыңды жақ!» ұранымен өтетін байқаудың ақтық мәресінде 26 елдің өкілі өз бақтарын сынайтын болады. 1956 жылдан бастап бүкіл Еуропаның басты ән байқауына айналған осы мәдени шараны «Ел арна» бірнеше жылдан бері тікелей эфирден көрсетіп келеді.