Байқаудың қорытындысы бойынша, ақтық мәреге Литва, Босния мен Герцеговиня, Сербия мен Украина, Швеция, Македония, Норвегия, Эстония мен Мальта және Түркияның өкілдері өтті.
22 мамырда, бірінші жартылай финалда ақтық мәреге қатысатындар белгілі болды. Олар - Румыния, Молдова, Исландия, Венгрия, Дания, Албания, Кипр мен Мысыр, Ресей және Ирландия мемлекеттерінің өкілдері.
Әзірбайжан байқауды өткізуіне байланысты алдын ала іріктеу сайысына қатысқан жоқ. Сондай-ақ жартылай финалда дәстүр бойынша Үлкен бестік - Англия мен Испания, Франция мен Германия және Италия мемлекеттері өнер көрсетпеді.
Бұл қатысушылар тек байқаудың ақтық мәресінде, 26 мамырда сахнаға шығады.