Алғашқы еркін жарыста «Mercedes» командасының мүшесі Валттери Боттастың мерейі үстем болды. Оның көрсеткіші - 1 минут 44,242 секунд.
Ал «Bull Racing» командасынан Даниэль Риккардо екінші орын алды. Серхио Перес («Force India») үштікті түйіндеді.
«Red Bull Racing» мүшесі Даниэль Риккардо болса, бәсекенің екінші кезеңінде суырылып алға шықты. Оның көрсеткіші -1 минута 42,795 секунд. «Ferrari» командасынан Кими Райконнен екінші, тағы бір жарысушы «Red Bull Racing» шабандозы Макс Ферстаппен үшінші орын алды.
Бүгін, 28 сәуірде үшінші еркін кезең бәсекесі өтеді.
Айта кетер жайт, Баку қалалық айналма жолы миллиондаған көрерменнің жарысты ғана емес, ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енгізілген ежелгі қала - Ичеришехер тарихи-архитектуралық қорығын, Каспий теңізі жағалауы бөлігін тамашалауына лайықталып жасалған.
Жоба авторы - барлық Формула 1 заманауи трассаларының архитекторы Герман Тильке.
Бәсеке Азатлық алаңынан бастау алады және осында аяқталады.