Бакуде Гейдар Әлиев орталығы өртенді

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Бакуде Гейдар Әлиев атындағы орталық өртенді. Жалынды ауыздықтауға 50-ден астам өрт бөлімдері тартылып, ТЖМ-нің арнайы 3 тікұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Журналистердің берген мәліметтеріне қарағанда, өрт ғимараттың төбесін толығымен шарпыды. 2 шақырымнан астам аумақты қалың түтін басты. Өрттің себебі әзірге белгісіз, деп хабарлады Утро. ру.

Қаза болғандар жөнінде мәліметтер жоқ, алайда жақын маңда «жедел жәрдем» көлігі күзет етуде. Оқиға орнында ТЖМ басшылығы, елдің және қаланың басқа да құрылым басшылары бар. Өртті жою жұмыстары жалғасуда.

 Гейдар Әлиев орталығы бұрын Мәскеу деп аталған, қазір Г. Әлиев даңғылында орналасқан кешенді құрылым. Оның ішінде конгресс-орталық, мұражай, кітапхана және 9 гектар аумақта саябақ бар.