Бакуде қатты жел екі жүк көлігін аударып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде қатты жел екі жүк көлігін аударып тастады.

Оқиғалардың бірі Баку-Алят жолының 19-шы шақырымында Гарадагский ауданының аумағында орын алған, деп хабарлады Day.Az ANS TV-ге сілтеме жасап.

Болгария азаматы Николай Георгиевич Курков жүргізген жүк көлігі Алят кентіне бара жатқанда оны жел аударып жіберген. Жапа шеккендер болмады. Алайда оқиға көлік кептелісінің орын алуына себеп болды. Сонымен қатар жолға жанар-жағар май төгілген. Өрттің алдын алу үшін оқиға орнына өрт сөндірушілер келгені бейнероликтен мәлім болып отыр.

Осы жолда тағы бір тіркемесі бар жүк көлігі аударылды. Ол Бакуға бара жатқан. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жапа шеккендер жоқ. Алайда жүк көлігіне едәуір зиян келді.