«1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды, ол халықтың талқылауына түсті. Конституцияны қабылдау үрдісі бір айға жалғасты, Конституция жобасын талқылауға халық белсенді ат салысты. Бұған жобаның ұжымдық талқылауға түскен саны дәлел бола алады,яғни негізгі заңымыздың жобасы 33 мыңға жуық ұжымдық талқылауға түскен», - деп атап өтті Елші.
Елші сондай-ақ республикамыздың экономикалық жетістіктері туралы сөз қозғап, Қазақстан басшысының сыртқы және ішкі саясат алаңындағы бастамаларына ерекше тоқталды.
Брифинг соңында С.Пірімбетов Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуы туралы айтып, болашаққа жоспарланған маңызды іс-шараларды мәлім етті.