Табиғатты қорғау және қоршаған ортаны сақтау экологиялық акциясы әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туған күніне, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылды.
Сенбілікке қатысушылар Бакудің Бинагадин ауданы шаруашылық мекемелерінің қызметкерлерімен бірге қоқысты сыпырып жинады. Арнаулы құралдармен ағаш діңдерін әктеді. Абай көшесінде тазалық жұмыстарын жүргізгендер осындай акцияны жыл сайын өткізуге келісті.
Бұған дейін Бакуде Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң үлгісі таныстырылғаны хабарланған.