Баку қаласында бір тәулікте ластаушы газ қоспаларынан шыққан көміртегі тотығының мөлшері нормадан 1,2 есе жоғары екені анықталды. Kazinform бұл туралы trend.az-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жексенбі күнгі Әзербайжандағы жағдай жөнінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпарат таратты.
Көмірқышқыл газының нормадан асып кетуіне көлік қозғалысының көптігі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі және басқа да антропогендік әсерлер себеп болып отырғаны айтылды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.